06
апрель
2024
Үндеу
Қазіргі уақыт —ел басына күн туған уақыт болып тұр. Су мен от айтып келмейтін жау демекші, халқымыздың басына іс түсіп, қиын шақты бастан өткерудеміз. Қазақ “жұмыла көтерген жүк жеңіл” деп бекер айтпаған, су басқан аймаққа еліміздің түпкір-түпкірінен көмек қолын созғандар өте көп. Еліміздің президенті Қ. Тоқаев та бүгінгі жолдауында қиындықта қалған отандастарымызға барлық көмек берілетінін,материалдық шығындар өтелетінін, азаматтарымыздың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетінін айтты. Ел бірлігі—ынтымақта! Қиын сәтте бір-бірімізді қолдайық! Көмек қолын созайық!Садық Аманжолов атындағы орта мектеп ұжымы да ел президенті Қ. Тоқаев жолдауын қолдап, еліміздің азаматтарын бірлікке, ынтымаққа шақырады.