СУ ТАСҚЫНЫ кезіндегі қауіпсіздік ережелері » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СУ ТАСҚЫНЫ кезіндегі қауіпсіздік ережелері
20
март
2024

СУ ТАСҚЫНЫ кезіндегі қауіпсіздік ережелері

СУ ТАСҚЫНЫ - судың өз деңгейінен көтерілген кезде біршама жердің су астында қалуынан пайда болады. Су тасқыны - қардың еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрган қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалуы салдарынын болады.
Ұзақ мерзімдік су тасқыны - су басу 1 айдан 2 айға дейін созылады.
Қысқа мерзімдік су тасқыны - су басу бірнеше сагатқа созылады.
Кенеттен болатын су тасқындары - мол жаңбырдың, бөгеттердің, дамбалардың 
Су басу ауқымдығы - сумен басылған аумақтың мөлшері.
Су ағымының жылдамдығы - уақыт бірлігіне судың ауысу жылдамдығы.
Су деңгейінің көтерілу жылдамдығы - белгілі бір уақыт аралығында су деңгейінің көтерілуін сипаттайтын мөлшер.
Су тасқындарының негізгі себептері:
- Көктемгі су тасуы кезінде судың мол құйылуы, қар мен мұз айдындарының еруі.
- Нөсерлі жаңбырлар.
- Өзен сағасындағы және теңіздің жиегіндегі желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі.
- Өзен арнасының мұзбен немесе бөренелермен жабылып қалуы.
- Өзен арнасының ішкі мұзбен тығын далуы.
- Гидротехникалық құрылыстардың қирауы.
- Су ағысы алқаптарындағы көшкіндер мен үйінді тастар.
- Жер асты суларыныңжер қабатының бетіне кенеттен шығуы.
Қазіргі уақытта су тасқынымен күрессу арнасының бөлек учаскесінде емес, барлық өзен су алаптарында жүргізілу керек деп есептелінеді. Бәрінен бұрын, су ағыны біркелкі болуы керек.
Бүгінгі күні су тасқындарының барлық түрлеріне жеткілікті дәрежеде болжам жасауға болады.
Су тасқыны кезінде не істеу керек?
- Кідірместен қауіпсіз ауданға немесе аймақтың ең биік жеріне барыңыздар.
- Өздеріңізбен бірге құжаттар мен керекті заттарды алып, оларды су өткізбейтін пакетке салыңыздар, сонымен қатар бұзылып кетпейтін тамақ өнімдерінің екі күндік қорын да алуды ұмытпаңыздар.
- Үйден шығарда электр қуаты мен газды өшіріп кетіңіздер.
- Егер уақыттарыңыз болып жатса, үлкендерге үйдің бағалы заттарын жоғарғы қабаттарға немесе түрғын үй шатырының астына апаруға көмектесіңіздер.
- Көмек келгенге дейін немесе судың басылуына дейін жоғарғы қабаттарда және ғимараттардың шатырларында немесе басқа да биік жерлерде болыңыздар.
Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.