Қыздар жиналысы » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2024

Қыздар жиналысы

«Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ 
18.03.2024ж- де қыздар жиналысы  өтті. Жиналысқа 8-11 сынып қыздары  қатысты. Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Искендирова Ш.Б ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Мектеп педагог- психологы Нурелова А.М мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мектеп медбикесі  Әлізақ Г қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады.