«Қыз тәрбиесі - қоғам ошағы» тақырыбында қыздар жиналысы » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қыз тәрбиесі - қоғам ошағы» тақырыбында қыздар жиналысы
18
январь
2023

«Қыз тәрбиесі - қоғам ошағы» тақырыбында қыздар жиналысы

«Садық Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ
18.01.2023 жылы
 «Қыз тәрбиесі - қоғам ошағы» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа 8-11 сынып қыздары  қатысты. 
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіз болмауға тәрбиелеу.
Жиналысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искендирова Шолпан ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан осалқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.Қамқоршылық кеңестің төрайымы Райсова Гулмария апайымыз  мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Мұнан соң сөз алған мектеп медбикесі Асылқан Нұрсұлу қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп, қыздардың жеке бас гигие
насы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Жиналыс соңында Қаратұрық ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Мырзабекова Тоғжан және жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Мансурова Гузаль кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

Похожие публикации:

12 январь 2023 Қыздар жиналысы
07 сентябрь 2022 Ұлдар жиналысы
06 сентябрь 2022 Қыздар жиналысы
27 октябрь 2022 Ұлдар жиналысы
27 октябрь 2022 Қыздар жиналысы