Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарының орындалу мақсатында «Ақыл айтпа, жол көрсет» ата-аналармен жұмыс. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарының орындалу мақсатында «Ақыл айтпа, жол көрсет» ата-аналармен жұмыс. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді
16
февраль
2024

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарының орындалу мақсатында «Ақыл айтпа, жол көрсет» ата-аналармен жұмыс. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді

Ұйымдастырушы: Өтежан Гүлім Канатқызы

Сынып:    5 «А» сынып

16.02.2024 ж

Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру.
2. Ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, өзін-өзі басқару, шығармашылық.

Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға машықтанады, туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады.
  2. Ата-аналар балалардың оңай және тез әлеуметтік, психологиялық бейімделуіне көмектеседі.

Жоспар

I. Кіріспе. Бейімделу. Бейімделу кезеңдері мен түрлері

II. Негізгі бөлім.

1.Кейсті талдау

2.«Мен балаға қалай көмектесе аламын» тренингі. 

https://www.youtube.com/watch?v=qwttde8SK4Y&ab_channel=SON%C4%9EYPARTA

3.Балалардың бейімделуіне көмектесу туралы қысқаша ақпарат 

4.https://www.youtube.com/watch?v=OOGmpn7Vo3I&ab_channel=SON%C4%9EYPARTA

5.«Балалардың бейімделуіне көмек» чек-парақтары

III.Қорытынды. Қорытындылау, тілектер.