Ата-аналар жиналысы » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2023

Ата-аналар жиналысы

«Садық Аманжолов атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасаудың алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсатында 2023  жылдың  12 сәуір күні жалпы  ата аналар жиналысы өтті.  Жиналысты мектеп директоры Б.Д Бағаева  жүргізді.
Ата -аналар жиналысында  3 мәселе  қарастырылды. 
♦️Бірінші мәселе бойынша III қорытындысы тыңдалып, білім сапасы төмен сыныптар туралы айтылып, ата-аналарды балалар  біліміне ықпал етуге шақырды. Бүгінгі күнде ұстаздың және ата-ананың  басты мақсаты оқушыларды білімді өз бетінше таба білуге және сыни тұрғыдан ойлай білуге үйретуі ескерті. 
 ♦️Екінші  мәселе бойынша Мектеп директоры Б.Д Бағаева  ата – аналарға, балаларыңызды жолда қараусыз қалдырмау, жолда жүру ережесін сақтауда балаларыңызға үлгі болуды ескертіп, бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырды. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды
♦️Шелек  ПБ-ң аға инспекторы полиция майоры:Е.А Курамаев өз сөзінде  қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде  профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жүргізіп, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.
 Ұйымдастырушы: Б.Д Бағаева
  ДТІЖО: Ш.Искендирова
  Психолог: А.Нурелова