Мұғалім жетістігі » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июль
2022

Мұғалім жетістігі

15.04.2022ж"БАСТАУЫШ МЕКТЕП -ҒЫЛЫМ  МЕН  БІЛІМНІҢ  БАСТАУЫ " бастауыш  сынып мұғалімдерінің  съезінің делегаты Еңбекшіқазақ ауданы  " Садық  Аманжолов  атындағы  орта  мектеп"КММ-нің бастауыш  сынып  мұғалімі  Бакилова  Шарван  Умаровна. 
Съезде  қаралған басты мәселелер:
1. Типтік оқу жоспары мен бағдарламаларын жаңарту.Соның ішінде тақырыпты бекітуге, қайталауға уақыт бөлу.
2.Балалардың жазу, оқу дағдыларының  қалыптасуы бастауыш сыныптарда басталады.Сондықтан грамматика мәселесін күшейтуге көңіл аударып, тиісті жұмыс жүргіземіз.
3.Бүгінгі күні  бастауыш  пән мұғалімдерінің  саны жеткіліксіз Сондықтан, биыл да грант санын көбейтеміз.
4."Математика " пәні бойынша 1-сыныптың үшінші тоқсанында есептер көбінесе мәтінмен беріледі.Бала жаңа ғана "Әліппемен" қоштасып жатқанда, мәтінмен берілген есептер күрделірек сияқты.Сондықтан осындай тұстарды қарап,"Математиканы" бастауышта бөліп оқыту мәселесін де қарастырамыз.
5.Болашақта магистр дәрежесі бар әріптестерімізді бастауыш  мектепке шақырып,соған жағдай жасауымыз керек. Бастауышқа келетін мұғалімдердің дәрежесі  бакалаврдан төмен болмау қажет.
6.Бастауыш пен 5-сыныптың бағдарламасын бір -бірімен үйлестіру мәселесін қарастыру маңызды.
7.Оқу мақсаттарын қайта  қарау керек. Соның ішінде  тәрбие  мақсаттарын бөлек қарастырған дұрыс. Оқу мақсаттарын ғылыми  тілмен емес, түсінікті тілмен жазу мәселесін қолға алатын боламыз.
8."Дүниетану"мен "Жаратылыстану " пәндері бойынша қайталану тақырыптары бар екені айтылуда .Мәселе пәндерде емес мазмұнда болатын болса, пәндерді алып тастағаннан гөрі, мазмұнын жаңарту керек шығар.
9.Бастауыш сынып  пәндерінің арнайы кабинеттерін жабдықтау бойынша қазіргі  уақытта 70-ші бұйрыққа өзгерістер  енгізіп жатырмыз Өйткені  бастауыш  сынып  болғаннан  кейін бағдарламаға сәйкес арнайы  құрылғылар болуы керек. Сондықтан  осы тұрғыдан тиісті жұмыстар  жүргіземіз.
10."Көркем еңбек " пен "Бейнелеуді "  бөлек оқыту бойынша ұсыныстар бар.Бастауышта баланың жан-жақты дамуы маңызды.Сондықтан бұл орынды ұсыныс деп санаймын.Бірақ оны әлі  де зерттеп көру керек.
Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрі:Аймағамбетов Асхат  Қанатұлы.