Аудандық семинар » "Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Таусүгір орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2023

Аудандық семинар

"Садық Аманжолов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша  аудандық семинар өтті.Тақырыбы: «Ұлттық тәрбие – ел болашағы»
Семинардың мақсаты: 
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Семинарда  2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылды. Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс тапты."Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" нұсқаулық-әдістемелік хат негізінде  «Даналық» мектебі өз жұмысын көрсетті. Мақсат: Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойын сіңіру. Ұйымдастырушы: ДТІЖО Искендирова Шолпан Бексултанқызы